Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - никотин 13,6 мг;
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, трометамол, полоксамер 407, глицерол, натрий гидрокарбонаты, левоментол, QL24245 жалбыз хош иістендіргіші, Cooler 2 SN046680 хош иістендіргіші, сукралоза, калий ацесульфамы, хлорсутек қышқылы pH 9,0 дейін, тазартылған су 1 мл-ге дейін.
Қолданылуы
никотинге құмарлықты және «тоқтату» симптомдарын жеңілдету арқылы шылым шегуден бас тартуға уәжді шылым шегушілерде шылымға тәуелділікті емдеу кезінде;
шылым шегуден бас тартқан кезде және тұтынуды толық жойғанға дейін азайту кезінде;
шылымға тәуелділік кезінде пайда болатын шылым шегуге құмарлықты және «тоқтату» симптомдарын жеңілдету және (немесе) алдын алу;
шылым шегуді тастағысы келетін немесе шылым шегуді азайтуға ниет білдірген шылым шегушілерге қолдау ретінде;
шылым шегуді қаламайтын шылым шегушілерге көмектесу мақсатында немесе ондай мүмкіндік болмаған кезде; сондай-ақ шылым шегудің анағұрлым қауіпсіз альтернативасы ретінде.
Ақпараттандыру және қолдау әдетте емдеудің сәтті болуын жақсартады.