Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – биластин, 20 мг
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 102 типті), натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Дозасы
Ересектер мен жасөспірімдер (12 жас және одан асқан)
Аллергиялық риноконьюнктивит (маусымдық және жыл бойғы) және есекжем симптомдарын жеңілдету үшін тәулігіне 1 рет 20 мг биластин (1 таблетка).
Таблетканы тамақ жеуден немесе жеміс шырынын ішуден 1 сағат бұрын немесе одан 2 сағаттан кейін ішке қабылдау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының бұзылуы
Биластин метаболизмге ұшырамайтындықтан және негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бауыр функциясының бұзылуы оның жүйелік әсерінің қауіпті деңгейге дейін ұлғаюына әкелмеуі керек. Сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.
Педиатриялық бейіндегі пациенттер
- Дене салмағы кемінде 20 кг болатын 6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар.
Пациенттердің бұл тобында биластин, ауыз қуысында ұнтақталатын таблеткалар, 10 мг, сондай-ақ биластин, ішуге арналған ерітінді, 2,5 мг/мл тағайындауға болады.
- 6 жасқа дейінгі және дене салмағы 20 кг дейінгі балалар.
Қазіргі уақытта қолда бар деректер Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары, Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы бөлімдерінде сипатталған бірақ, дозалау бойынша ұсынымдарды жасау мүмкін емес. Сондықтан биластин препаратын осы жастағы пациенттерге тағайындауға болмайды.
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған балаларда биластиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Таблеткаларды сумен ішу керек. Тәуліктік дозаны бір қабылдауда ішу ұсынылады.
Таблеткадағы кертік бірдей дозаланған бөліктерге бөлуге емес, оңай жұту үшін сындыруға ғана арналған.
Емдеу ұзақтығы
Аллергиялық риниті бар пациенттерге препаратты аллергендермен жанасу кезеңінде ғана қолдану керек. Маусымдық аллергиялық риниті бар пациенттерге симптомдары басылған соң емді тоқтатуға және олар қайта басталғанда жаңғыртуға болады. Жыл бойғы аллергиялық риниті бар пациенттерге препаратты аллергенмен жанасу кезеңі бойы үздіксіз қолдануға болады. Есекжемі бар пациенттерде емдеу ұзақтығы симптомдар сипаты мен ұзақтығына, сондай-ақ олардың динамикасына байланысты.