Артқа
НО-ШПА 40 мг/ 2 мл №5 амп

НО-ШПА 40 мг/ 2 мл №5 амп

2 500 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Дротаверин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Опелла Хелскеа Коммершиал Лтд

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - дротаверин гидрохлориді, 40.0 мг қосымша заттар: натрий метабисульфиті, 96% этанол, инъекцияға арналған су.

Қолданылуы

- өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықеттер түйілуінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит - несеп шығару жолдары тегіс бұлшықеттері түйілуінде: нефролитиаз, уретролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмі Қосымша ем ретінде (пациент таблетка қабылдай алмайтын жағдайда): - асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, гастритте, кардия және  қақпа түйілуінде, энтеритте, колитте - гинекологиялық ауруларда: дисменорея (ауырумен жүретін етеккір)

Қарсы көрсетілімдер

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық - натрий метабисульфитіне жоғары сезімталдық - бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің лықсыту төмендігі синдромы) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дозасы

Ересектер: ұсынылатын доза күніне бұлшықет ішіне 40-240 мг (1-3 қабылдауға бөлінген) құрайды. Бүйрек-тас немесе өт-тас ауруларында жедел шаншуларын басу үшін: вена ішіне 40-80 мг. Енгізу әдісі мен жолы Бұлшықет ішіне, вена ішіне.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.