Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – норфлоксацин, 400 мг,
қосымша заттар: повидон, натрий крахмалы гликоляты, А типі, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су,
үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е171), 12000 FDC сары бояғыш №6 (Е110), пропиленгликоль.
Қолданылуы
Емдеу
- әйелдердегі жедел және қайталамалы цистит
- төменгі несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы
- созылмалы бактериялық простатит
- соз
- бактериялық гастроэнтерит
Профилактика
- иммундық тапшылығы бар пациенттердегі асқазан-ішек жолының деконтаминациялануы.
Норфлоксацинді, егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдануға болатын болса, саяхатшы диареясын болдырмау, қалыпты бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолдануға болмайды.
Төзімді бактериялардың дамуын төмендету және норфлоксацин мен бактерияға қарсы басқа препараттардың тиімділігін сақтау үшін норфлоксацин расталған немесе күмәнді бактериялық инфекцияны емдеу және профилактикасы үшін ғана қолданылу керек. Қоздырғыш және флора сезімталдығын зерттеу туралы ақпарат болған жағдайда оны бактерияға қарсы емді таңдау немесе модификациялау кезінде ескеру керек. Ондай ақпарат болмаған жағдайда жергілікті эпидемиология және өсірінділер сезімталдығының деректері эмпирикалық емді таңдауға ықпал етуі мүмкін.
Дозасы
Нолицин® препаратын үнемі емдеуші дәрігер нұсқауларымен толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән пайда болғанда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Дәрігер дозаны және емдеу ұзақтығын ауруға сәйкес таңдайды. Әдеттегі доза тәулігіне екі рет 1 таблетканы (400 мг) құрайды.
Емдеу кезінде тәуліктік диурезді қалып шегінде ұстап тұру қажет.