Құрамы
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 1200 мг пирацетам,
қосымша заттар: макрогол 6000, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы,
қабығының құрамы: Опадрай Y-1-7000 – титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, гипромеллоза 2910 5сР, Опадрай OY-S-29019 - макрогол 6000, гипромеллоза 2910 50сР) бар.
Қолданылуы
Ересектер үшін
қабықтық миоклонияны емдеу үшін, этиологиясына байланыссыз, моно- немесе кешенді ем ретінде
Қарсы көрсетілімдер
пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ, препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Гентингтон хореясы
ми қанайналымының жедел бұзылуы (геморрагиялық инсульт)
ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <20 мл/мин)
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ноотропил® препаратын ас ішу кезінде немесе аш қарынға, сұйықтықпен іше отырып, ішке қабылдау керек.
Назар аударыңыз! Соңғы бір реттік дозасын ұйқының бұзылуын болдырмау үшін, 17 сағаттан кешіктірмей қабылдау керек. Тәуліктік дозаны 2-4 рет бөліп қабылдау ұсынылады.
Тәулігіне 7,2 г тәуліктік дозасы тағайындалады, әр 3-4 күн сайын дозасын тәулігіне екі немесе үш бөліп қабылданатын ең жоғарғы 24 г жеткенше, тәулігіне 4,8 г арттырады. Емдеуді аурудың барлық кезеңі бойына жалғастырады. Алынатын клиникалық нәтижесіне байланысты, егер мүмкін болса, осыған ұқсас басқа дәрілік заттардың дозасы азайтылуы тиіс.
Әр 6 ай сайын, дозасын әр 2 күн сайын тәулігіне 1,2 г қысқарта отырып, дозасын азайту немесе препаратты тоқтатуға тырысу керек (Ланс және Адамс синдромы жағдайында, күрт қайталануы мүмкіндігін болдырмау немесе пароксизмге жол бермеу үшін , әр үш немесе төрт күн сайын).
Ноотропил® организмнен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге тағайындағанда, дозасын креатинин клиренсінің (КК) шамасына қарай түзету керек.
Тәуліктік дозасы бүйрек функциясына байланысты жекелей белгіленуі тиіс.
Ерлер үшін КК, сарысу креатининінің концентрациясына байланысты, келесі формула бойынша есептеуге болады:
[140- жас жамасы (жас)] х дене салмағы (кг)
КК (мл/мин) =
72 x ККсарысу (мг\дл)
Әйелдер үшін КК, алынған мәнді 0,85 коэффициентіне көбейте отырып есептеп шығаруға болады.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозасын түзету ұсынылмайды.
Бүйрек және бауыр функцияларының бұзылуы бар пациенттерге дозалау төменде келтірілген кесте бойынша жүзеге асырылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
КК
(мл/мин)
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.