Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: Ново-Пассит® құрғақ экстрактісі* - 157.5 мг,
гвайфенезин - 200 мг,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, глицерол трибегенаты, магний стеараты, лактоза моногидраты
қабығы: жасыл опадри AMB 80W31115**
* (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік сермене, шілтер жапырақты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (әуесгүл), кәдімгі құлмақ, қара аюбадам))
** қабығы: жасыл опадри "AMB 80W31115" (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк, лецитин, ксантан шайыры, хинолинді сары (Е 104), индигокармин Е 132, темірдің сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
ДП ересектерде қолдануға арналған
- неврастеникалық синдромның жеңіл түрлері, ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, мазасыздықпен, күйзеліспен, зейіннің төмендеуімен, қатты шаршаумен, психикалық күйзеліс жағдайымен («менеджер синдромы») қатар жүреді
- ұйқы бұзылуының жеңіл формалары / ұйқысыздық
- неврозбен байланысты есте сақтау қабілетінің бұзылуы
- бас сақинасының адъювантты емі, жүйкенің асқынуынан туындаған вазомоторлық сипаттағы бас аурулары, нейро қан айналымы астениясы бар психосоматикалық қан тамырларының бұзылуы, нейрогендік тетания, бет ауруы және климакстық синдром
- функционалдық гастропатия, органикалық зақымдануы жоқ диспепсиялық синдром, асқазан зондын енгізе отырып және невроз белгілері бар органикалық ауруларды адъювантты түрде емдеу ретіндегі «тітіркенген ішек» синдромы
- қышынумен қатар жүретін психосоматикалық дерматоздарды емдеу (есекжем, атопиялық экзема және т. б.)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне, әсіресе гвайфенезинге жекелей жоғары сезімталдық
- миастения
- эпилепсия
- 18 жасқа дейінгі балалар
- сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы проблемалары
Дозасы
Ересектер
Ново-Пассит 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Қажетсіз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларын ½ таблеткаға, ал кешкілік дозада 1 таблетканы қабылдау қажет. Дозалануын пациенттің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Ново-Пассит® таблеткаларын сумен, шаймен немесе жеміс шырынын (грейпфрут шырынын қоспағанда) толығымен жұтып қою керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.