Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 500 мг итшомыртты шырғанақ жемісінің майы (% 400 мг -каротенге шаққанда құрамында каротиноидтар қосындысы бар шырғанақ майының концентратына шаққанда),
қосымша заттар: күнбағыс майы, тазартылған, бутилгидроксианизол, бутилгидрокситолуол, глицерол моностеараты, қатты май (витепсол (H 15, W 35 маркалы), суппосир (NA 15, NAS 50 маркалы)).
Қолданылуы
геморрой
артқы өтіс сызатында
тік ішектің ойық жарасында
проктитте
эрозиялы-ойық жаралы сфинктерит және проктитте
катаральді және атрофиялық проктитте
тоқ ішектің төменгі бөлігі шырышты қабығының сәулемен зақымдалуы
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– диареяда
Дозасы
Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді. Суппозиторийді пішінді қаптамасынан қайшымен суппозиторийдің пішіні бойымен қиып, босатып алады да, ішекті босатқаннан кейін артқы өтіске тереңдете енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы: 10-15 күн. Қажет болса, емдеу курсын 4-6 аптадан кейін қайталаңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.