Құрамы
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: адамның рекомбинантты альфа-2b
интерфероны - 10 000 ХБ кем емес
димедрол (дифенгидрамин гидрохлориді) - 0,001 г
қосымша заттар: бор қышқылы, динатрий эдетаты, натрий хлориді, натрий ацетаты, гипромеллоза, повидон 8000, макрогол 4000, тазартылған су.
Қолданылуы
- эпидемиялық конъюнктивитте (аденовирусты, герпетикалы, энтеровирусты)
- кератитте: аденовирусты, герпетикалы, везикулярлы (нүктелі, ағаш тәріздес және басқалары), герпетикалы стромальді ( мөлдір қабық ойық жарасымен және ойық жарасыз)
- кератоконъюнктивитте: аденовирусты және герпетикалы
- герпетикалы увеитте;
- герпетикалы кератоувеитте (ойық жарасымен және ойық жарасыз)
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерін жеке көтере алмаушылықта
Дозасы
Қолдану тәсілдері және дозасы
Офтальмоферон® ересектер мен балаларға өмірінің алғашқы күнінен бастап аурудың жедел сатысында 1-2 тамшыдан күніне 6-8 ретке дейін көзге тамызуға тағайындалады. Қабыну үдерісінің басылуына қарай инстилляция санын күніне 2-3 ретке дейін азайтады. Емдеу курсы аурудың түрі және ауырлық дәрежесіне байланысты. Ең жоғарғы ұзақтығы 6-8 апта.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.