Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді 0.1 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі (100 % затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4,8 - 6,8 дейін, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
жедел ринит
аллергиялық ринит
вазомоторлық ринит
мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде секреция дренажын қалпына келтіру
диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда
Қарсы көрсетілімдер
- оксиметазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- транссфеноидальді гипофизэктомия немесе қатты ми қабығына басқа хирургиялық араласулардан кейінгі жағдайлар
Дозасы
1 жасқа дейінгі балаларға
4 аптаға дейінгі нәрестелерде әр мұрын жолына 1 бүркуден күніне 2-3 рет. Өмірдің 5-ші аптасынан 1 жасқа дейін - әр мұрын жолына 1-2 бүркуден күніне 2-3 рет.
Келесі емшара да мүмкін: жасына байланысты мақтаға 0,01% ерітіндіні бір рет бүрку және мұрын жолдарын сүрту.
Оксиназин® мұрынға арналған спрей, 0,01% препаратының бір реттік дозасын күніне 3 реттен артық қабылдауға болмайды.
Ұсынылған дозадан артық дозада қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Салмағы төмен нәрестелер мен шала туылған нәрестелер үшін дозаны артық дозалану қаупін болдырмау үшін дәрігердің нұсқауы бойынша ғана тағайындау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Оксиназин® 0,01% мұрынға арналған спрейін 7 күннен артық қолдануға болмайды.
Ұсынылған дозадан артық дозада қолдануға болмайды.
Қайта қолдану бірнеше күндік үзілістен кейін ғана мүмкін болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.