Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- аллергиялық конъюнктивит
- инфекциялық емес этиологиядағы конъюнктивит (түтін, шаң, жел мен күннің әсері, хлорланған су, жасанды жарықтандыру)
- іркілу біліністері және конъюнктива ісінуі
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- аритмиялар
- артериялық гипертензия
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- айқын атеросклероз
- қант диабеті
- тиреотоксикоз, гипертиреоз
- қуық асты безінің гиперплазиясы
- моноаминооксидаза тежегіштерін бір уақытта қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
- феохромацитома
- порфирия
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге және 8 жастан асқан балаларға: конъюнктивалық қапқа препараттың 1-2 тамшысын әрбір көзге тәулігіне 3-4 рет.
Емдеу курсы 3 күннен аспайды.
Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап, препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3 күннен аспайды.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдану үшін
Тамызу кезінде тамшылатқыш-құтының ұшы басқа заттармен немесе беткейлерге тиіп кетпеуін қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшамен тығыздап жабу керек!
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.