Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг немесе 0,5 мг
қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, тазартылған су
Қолданылуы
- жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте
- риносинуситте
- евстахиитпен астасқан ринитте
- диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- айқын атеросклероз
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- аритмиялар
- артериялық гипертензия
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- қуық безінің гиперплазиясы
- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласымдардан кейінгі жағдай
- қант диабеті
- тиреотоксикоз, гипертиреоз
- жабықбұрышты глаукома
- көздің ауыр аурулары
- феохромацитома
- порфирия
- 1 жасқа дейінгі балаларға (Оксивин-DF® 0,025% үшін)
- 8 жасқа дейінгі балаларға (Оксивин-DF® 0,05% үшін)
Дозасы
Дозалану режимі
0,025 % мұрынға тамызатын дәрі 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға: 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет.
0,05 % мұрынға тамызатын дәрі 8 жастан асқан балаларға және ересектерге: 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Интраназальді.
Қалпақшасын бұрап алып, құтының корпусын сәл басады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.