Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: омега-3-қышқылдарының этилді эфирлері 90 - 1000 мг (оның ішінде 840 мг эйкозапентаен қышқылының этилді эфирі (46%), докозагексаен қышқылының этилді эфирі (38%)),
қосымша зат – 4 мг α-токоферол,
капсула құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер, лецитин
Қолданылуы
гипертриглицеридемия
эндогенді гипертриглицеридемия, адекватты реакцияға қол жеткізу үшін диеталық шаралар жеткіліксіз болғанда диетаға қосымша ретінде:
- монотерапия түрінде IV типі
- триглицеридтер дейгейін бақылау жеткіліксіз болғанда, статиндермен біріктірілімде IIb/III типтері.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға, сояға, арахиске немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- егде жастағылар (70 жастан асқандар)
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- экзогендік гипертриглицеридемия (1 типті гиперхиломикронемия)
Дозасы
Бастапқы ем тәулігіне екі капсула. Егер адекватты жауап алынбаса дозаны тәулігіне 4 капсулаға дейін ұлғайтуға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Асқазан-ішек бұзылуына жол бермеу үшін капсулаларды тамақпен бірге қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы жекелей анықталады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.