Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – омепразол 20 мг,
қосымша заттар – сфералық қант*, повидон (К-30), натрий лаурилсульфаты, натрий крахмалы гликоляты, тринатрий фосфаты, гипромеллоза, триэтил цитрат, метакрил қышқылы-этилакрилат кополимері, натрий гидроксиді, титанның қостотығы, тальк
капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин.
* - сфералық қанттың құрамында 92% - дан аспайтын сахароза бар
- қара сияның құрамы: шеллак, этанол, пропанол-2, пропиленгликоль, 1-бутанол, аммоний гидроксиді, калий гидроксиді, тазартылған су, темірдің қара тотығы.
Қолданылуы
Ересектер
он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу
он екі елі ішек ойықжарасы қайталануының профилактикасы
асқазан ойықжарасын емдеу
асқазан ойықжарасы қайталануының профилактикасы
ойықжара ауруы кезінде тиісті антибиотиктермен біріктірілімде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы
ҚҚСП қабылдауға байланысты асқазан мен он екі елі ішектің эрозиялық-ойықжаралы зақымдануларын емдеу
қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қолдануға байланысты асқазан және он екі елі ішектің ойықжара ауруының профилактикасы
рефлюкс-эзофагитті емдеу
эрозиялық эзофагиттің қайталануының профилактикасы үшін ұзақ демеуші ем
симптоматикалық гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын (ГЭРА) емдеу
Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Дене салмағы ≥10 кг 1 жастан асқан балалар
- рефлюкс-эзофагитті емдеу
- ГЭРА кезінде қыжыл мен қышқыл регургитациясын (кекіру) симптоматикалық емдеу
4 жастан асқан балалар
- он екі елі ішектің ойықжара ауруы кезінде тиісті антибиотиктермен біріктірілімде H. Pylori эрадикациясы (кешенді ем құрамында)
Қарсы көрсетілімдер
- омепразолға, алмастырылған бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- нелфинавирмен және/немесе атазанавирмен бір мезгілде қолдану
- фруктоза жақпаушылығының, глюкоза-галактоза мальабсорбциясының немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігінің сирек тұқым қуалайтын аурулары
- 1 жасқа дейінгі және дене салмағы ≤ 10 кг балалар
-рефлюкс-эзофагиттен, қыжыл мен қышқылды регургитациядан (кекіру) басқа барлық көрсетілімдер бойынша 4 жасқа дейінгі балалар
- он екі елі ішектің ойықжара ауруы кезіндегі рефлюкс-эзофагит пен H. Pylori эрадикациясынан басқа барлық көрсетілімдер бойынша 18 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге
Он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу
Он екі елі ішектің белсенді ойықжарасы бар пациенттерге омепразолды тәулігіне бір рет 20 мг дозада қабылдау ұсынылады. Пациенттердің көпшілігінде ойықжараның жазылуы екі апта ішінде жүреді. Екі апта ішінде ойықжараның толық сауығуы басталмаған жағдайларда, препаратты кейінгі екі апталық қабылдау кезінде сауығуға қол жеткізіледі. Емдеуге сезімталдығы аз он екі елі ішектің ойықжарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне бір рет 40 мг омепразол тағайындалады; ойықжараның жазылуы әдетте төрт апта ішінде жүреді.
Он екі елі ішектің ойықжара ауруының қайталануының профилактикасы
Helicobacter pylori теріс сынамасы бар пациенттерде немесе H.pylori эрадикациясы мүмкін болмаған жағдайларда он екі елі ішектің ойықжара ауруының қайталануын болдырмау үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Кейбір пациенттер үшін 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Сәтсіз терапия жағдайында дозаны 40 мг-ға дейін арттыруға болады.
Асқазан ойықжарасын емдеу
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Пациенттердің көпшілігінде емдеу 4 апта ішінде басталады. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық сауығу басталмаған жағдайларда, әдетте, 4 апталық қайта емдеу курсы тағайындалады, оның барысында сауығуға қол жеткізіледі. Емдеуге сезімталдығы аз асқазан ойықжарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне бір рет 40 мг омепразол тағайындалады; сауығуға әдетте 8 апта ішінде қол жеткізіледі.
Асқазан ойықжарасының қайталануының профилактикасы
Емдеуге сезімталдығы аз асқазанның ойықжарасы бар пациенттерге қайталанудың алдын алу үшін тәулігіне бір рет 20 мг омепразол ұсынылады. Қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады.
Ойықжара ауруы кезінде H. pylori эрадикациясы
H. pylori инфекциясын эрадикациялау үшін антибиотиктерді таңдау кезінде препараттың жекелеген пациенттерге жағымдылығын қарастыру керек және емдеуді бактериялық резистенттілікке қатысты ұлттық, аймақтық және жергілікті басқару қағидаттары мен емдеу сызбаларына сәйкес жүргізу керек:
омепразол 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, әрбір препарат тәулігіне екі рет бір апта ішінде, немесе
омепразол 20 мг + кларитромицин 250 мг (не 500 мг) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әрбір препарат тәулігіне екі рет бір апта ішінде, немесе
40 мг омепразол тәулігіне бір рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен (немесе 500 мг немесе тинидазолмен 500 мг), бір апта ішінде тәулігіне үш рет.
Егер емдеу курсынан өткеннен кейін Helicobacter pylori сынама оң болып қалса, емдеу курсын қайталауға болады.
Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП-мен астасқан ойықжараларды емдеу
Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП-мен астасқан ойықжаралары болған кезде препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде сауығу 4 апта ішінде басталады. Бастапқы ем кезеңінде ойықжарасы жазылмаған пациенттерде жараның жазылуы әдетте препаратты қайталап 4 апталық қабылдағанда мүмкін болады.
Қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қолдануға байланысты асқазан және он екі елі ішектің ойықжара ауруының профилактикасы
Қауіп тобындағы пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП-мен астасқан ойықжараларының (жасы >60 жас, анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы, анамнездегі асқазан-ішектен қан кету) алдын алу үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды.
Рефлюкс-эзофагитті емдеу
Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Пациенттердің көпшілігінде сауығу төрт апта ішінде жүреді. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық сауығу болмаған жағдайларда, әдетте емделуге қол жеткізілетін төрт апталық қайта емдеу курсы тағайындалады.
Рефлюкс-эзофагиттің ауыр түрі бар пациенттерге тәулігіне бір рет 40 мг омепразол ұсынылады; сауығу әдетте сегіз апта ішінде жүреді.
Эрозиялық эзофагиттің қайталануының профилактикасы үшін ұзақ демеуші ем
Ұзақ демеуші ем кезінде эрозиялық эзофагиттің қайталануының алдын алу үшін пациенттерге тәулігіне 10 мг омепразол ұсынылады.
Қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне бір рет 20 - 40 мг дейін арттыруға болады.
Симптоматикалық гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын емдеу
20 мг омепразолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет. Терапиялық әсерге күнделікті 10 мг дозада қол жеткізуге болады, сондықтан дозаны әр адамға жеке таңдау жоққа шығарылмайды. Симптомдарды жеңілдету үшін 2-3 күн қатарынан таблетка қабылдау қажет болуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігі 7 күн ішінде қыжылдан толықтай арылады. Симптомдарды толық жеңілдетуге қол жеткізген кезде емдеуді тоқтату керек.
Егер 20 мг омепразолды күнделікті қолданғаннан кейін 4 аптадан соң симптомдар жойылмаса, пациентті қосымша тексеру ұсынылады.
Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерге препаратты әр адамға жекелей дозада тағайындайды және емдеуді клиникалық көрсетілімдер бойынша қажет болғанша жалғастырады. Омепразолдың ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 60 мг. Аурудың ауыр түрі бар және емдеудің басқа түрлеріне талапқа сай жауап бермейтін пациенттерде 90% жағдайда омепразолдың тәулігіне 20 мг - 120 мг дозаларында демеуші ем тиімді. Препараттың 80 мг-ден жоғары тәуліктік дозасын екі бөлікке бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар үшін дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған науқастар үшін омепразолдың тәулігіне 10 – 20 мг дозасы жеткілікті.
Егде жастағы (65 жастан асқан) науқастар үшін дозаны түзету қажет емес.
1 жастан асқан және дене салмағы ≥10 кг балаларға рефлюкс-эзофагитті емдеуде және ГЭРА кезінде қыжыл мен қышқыл регургитациясын симптоматикалық емдеуде
Келесі дозалау сызбасы ұсынылады:
Жасы
Салмағы
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.