Құрамы
Бір грамм ерітіндінің құрамында:
белсенді заттар: феназон - 40 мг, лидокаин гидрохлориді - 10 мг;
қосымша заттар: натрий тиосульфаты, этил спирті 96%, глицерин, тазартылған су.
Қолданылуы
Дабыл жарғағының бүтіндігі сақталған жағдайда ортаңғы құлақ ауруларын жергілікті симптоматикалық емдеу:
- жедел ортаңғы отит;
- отит, тұмаудан кейінгі асқыну ретінде;
- баротравматикалық отит.
Қарсы көрсетілімдер
– феназонға және/немесе лидокаинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- шығу тегі инфекциялық немесе жарақаттық дабыл жарғағының тесілуі.
Дозасы
Ересектер мен балалар туғаннан бастап 4 тамшыдан.
Енгізу әдісі мен жолы
1. Құтыдан қақпаша мен тығынды алыңыз.
2. Құтыға тамызғыш-қақпақты кигізіңіз.
3. Тамызғыш-қақпақтан қақпашаны алыңыз.
4. Құлақта суық ерітіндінің жағымсыз сезімін болдырмау үшін құтыны қолыңызда жылтып алыңыз.
5. Құтыны төңкеріп, тамызғыш-қақпақтың ұшын 1 тамшы шығу үшін ақырын қысыңыз.
Отисфен дәрілік препараты сыртқы құлақ арнасына тамызу арқылы қолданылады.
Қолданғаннан кейін қақпашан тамызғыш-қақпақтың ұшына кигізіңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Егер симптомдар 7 күн бойы сақталса немесе жағдай кез келген уақытта тез және айтарлықтай нашарласа, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.