Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,5 мг ксилометазолин гидрохлориді,
қосымша заттар – натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді (ерітінді түрінде), сұйық сорбитол (кристалданбайтын), гипромеллоза, натрий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- түрлі этиологиядағы тұмау
- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секрет шығуын жеңілдету үшін)
- ортаңғы отит (мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін басу үшін)
- науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға (риноскопияға) дайындау.
Қарсы көрсетілімдер
- ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- құрғақ ринит
- жабық бұрышты глаукома
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
- 1 жасқа толмаған балалар
Дозасы
Мұрын ішіне. Ересектердің бақылауымен ғана қолдану керек.
2 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға - әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан.
1 жастан 2 жасқа дейін балаларға дәрігердің тағайындауына сәйкес қолдану керек.
Препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 реттен артық қолдануға болмайды. Соңғы қолдануды тура ұйықтар алдында жүргізген жөн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.