Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 1 мг ксилометазолин гидрохлориді,
қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді (ерітінді түрінде), сұйық сорбитол (кристалдандырылмаған), гипромеллоза, натрий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
- түрлі этиологиядағы тұмау
- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секреттің шығуын жеңілдету үшін)
- ортаңғы отит (мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін басу үшін)
- науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға
(риноскопияға) дайындау.
Қарсы көрсетілімдер
- ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары
сезімталдық
- атрофиялық ринит
- құрғақ ринит
- жабық бұрышты глаукома
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми
қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
- 12 жасқа толмаған балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: Әрбір мұрын жолына 1 бүркуден. Қажет болғанда емшараны тәулігіне 3 реттен асырмай қайталау керек. Соңғы қолдануды тура ұйықтар алдында жүргізген жөн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.