Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 300.00 мг микрондалған метронидазол, 100.00 мг микрондалған миконазол нитраты, 48.80 мг неомицин сульфаты*, 4.40 мг полимиксин В сульфаты, 15.00 мг азиялық центелла,
қосымша зат - witepsol H15.
* Ішінде өндіріс процесінде жойылатын 15% артық мөлшері бар
Қолданылуы
- спецификалық және спецификалық емес, әсіресе қынаптың қабыну үдерістерімен байланысты вульвовагиниттерді; вульвит, вагинит, бактериялық цервиковагинит, тітіркендіретін дәрілерді қолданудан туындаған цервиковагинит, кандидоз, трихомониаз, лейкореяны жергілікті емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға, имидазол туындыларына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі
- гематологиялық аурулары бар пациенттер
- орталық жүйке жүйесінің өршу сатысындағы аурулары
Дозасы
Емдеуді тәулігіне 1-2 қынаптық суппозиторийлерді енгізуден бастау керек. Симптомдар азайған кезде, толық емделгенге дейін күн сайын, ұйықтар алдында 1 суппозиторийді енгізуді жалғастыру керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат интравагинальді қолдануға арналған.
Суппозиторийлерді қынапқа мұқият және терең енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы кемінде 5-10 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.