Артқа
ПАКЛИТАКСЕЛ Сандоз концентрат д/приг. р-а д/инф. 100 мг/16,7 мл

ПАКЛИТАКСЕЛ Сандоз концентрат д/приг. р-а д/инф. 100 мг/16,7 мл

9:00-ден кейін қолжетімді

35 000 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Паклитаксел

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: ФАРЕВА Унтерах ГмбХ

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы 1 мл препарат құрамында белсенді зат - 6.00 мг паклитаксел Қосымша заттар: 522.396 мг полиоксил майсана майы (макроголглицерол риценолеат), 401.664 мг сусыз этанол

Қолданылуы

Аналық бездер обыры Паклитаксел Сандоз® көрсетілген: - цисплатинмен біріктірілімде лапаротомиядан кейін аналық бездердің үдемелі карциномасы немесе қалдық ісігі (> 1 см) бар пациенттерде аналық бездер карциномасының бірінші желідегі химиялық емінде - құрамында платина бар препараттар оң нәтиже бермеген стандартты емнен кейін аналық бездердің метастазды карциномасының екінші желідегі химиялық емінде. Сүт безінің обыры Паклитаксел Сандоз® антрациклинмен және циклофосфамидпен стандартты біріктірілген емнен кейін (АЦ емі) зақымданған лимфа түйіндерін емдеуге арналған адъювантты ем ретінде тағайындалады. Паклитаксел Сандоз қолданылатын адъювантты ем антрациклинмен және циклофосфамидпен стандартты біріктірілген емге (АЦ емі) балама болып табылады. Паклитаксел Сандоз® 3+ деңгейіндегі (иммуногистохимия көмегімен анықталған) HER-2 аса жоғары экспрессиясы бар пациенттерге, сондай-ақ антрациклинмен ем сай келмейтін пациенттерге сүт безінің метастазды обырында немесе оның үдеуінде трастузумабпен біріктірілімде бірінші желідегі ем ретінде тағайындалады. Паклитаксел Сандоз® монотерапия ретінде антрациклиндер қолданылған тиімсіз стандартты емнен кейінгі пациенттерге және антрациклинмен ем сай келмейтін пациенттерге сүт безінің метастазды обырын емдеуге тағайындалады. Кеш сатыдағы өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры Паклитаксел Сандоз® хирургиялық емдеу және/немесе сәулемен ем жүргізу жоспарланбайтын пациенттерге өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын емдеу үшін цисплатинмен біріктірілімде тағайындалады. ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасы Паклитаксел Сандоз® липосомалық антрациклиндермен тиімсіз емнен кейін ЖИТС бар пациенттерде Капоши саркомасын емдеуге тағайындалады. Осы көрсетілім үшін тиімділігі туралы шектеулі деректер бар.

Қарсы көрсетілімдер

Паклитаксел Сандоз® препаратына және оның қосымша заттарына, сондай-ақ дәрілік түрінде полиоксил майсана майы қамтылатын басқа дәрілік заттарға жоғары сезімталдық ауқымды ісіктері бар пациенттерде нейтрофилдердің 1,500/мкл-ден аз, тромбоциттердің 100 000/мкл-ден аз бастапқы мөлшері ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасында нейтрофилдердің 1,000/мкл-ден аз, тромбоциттердің 75,000/мкл-ден аз бастапқы мөлшері жедел инфекциялық аурулар (оның ішінде белдемелі теміреткі, желшешек, герпес) ишемиялық жүрек ауруының, миокард инфарктісінің (анамнезде), аритмияның ауыр ағымы бауыр функциясының ауыр бұзылулары бауырдың жеңіл, орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі Капоши саркомасы кезінде қатар жүретін ауыр инфекциялық аурулар

Дозасы

Паклитаксел Сандоз® препаратын цитостатиктер қолдануға мамандандырылған мекемелерде тек білікті онколог тағайындауы тиіс. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының алдын алу үшін пациенттердің бәріне глюкокортикостероидтар, антигистаминді препараттар және Н2 гистаминдік рецепторлар антагонистері пайдаланылатын дәрі-дәрмектік ем жүргізілуі тиіс. Препарат Дозасы Паклитаксел Сандоз® қабылдауға дейін қолдану Дексаметазон 20 мг ішке*) немесе IV Пероральді енгізу үшін: шамамен 12 және 6 сағат, немесе вена ішіне енгізу үшін: 30-дан 60 минутқа дейін. Дифенгидрамин**) 50 мг IV 30-60 минут Циметидин немесе Ранитидин 300 мг IV 50 мг IV 30-60 минут *) Капоши саркомасында 8-20 мг; **) немесе антигистамин баламасы, мысалы, хлорфенирамин. Паклитаксел ≤ 0.22 микрон саңылауы ұсақ жарғақшалы сүзгіні (ішіне құрылған сүзгі) пайдаланып, енгізілу керек. Қазіргі уақытта басқа дозалау сызбалары зерттеліп жатса да, аналық бездер обырын бастапқы емдеу үшін Паклитаксел Сандоз® және цисплатиннің біріктірілген режимі ұсынылады. Аналық бездер обыры кезінде бірінші желідегі ем Қазіргі уақытта басқа дозалау сызбалары зерттеліп жатса да, аналық бездер обырын бастапқы емдеу үшін Паклитаксел Сандоз® препаратын цисплатинмен біріктірілімде қолдану ұсынылады. Емдеу кезінде инфузия ұзақтығына қарай әртүрлі екі дозаны пайдалану ұсынылады: 75 мг/м2 дене беткейі ауданына Паклитаксел Сандоз® препараты вена ішіне 3-сағаттық инфузия түрінде енгізіліп, одан кейін 75 мг/м2 цисплатин енгізіледі, немесе 135 мг/м2 дене беткейі ауданына Паклитаксел Сандоз® препараты вена ішіне 24-сағаттық инфузия түрінде енгізіліп, одан кейін 75 мг/м2 цисплатин енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс жасалады. Аналық бездер обыры кезінде екінші желідегі ем Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады. Сүт безінің обыры кезіндегі адъювантты ем Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады. Барлығы төрт курс өткізіліп, одан кейін АЦ емін жүргізген жөн. Сүт безі обыры кезінде бірінші желідегі ем Доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктірілімде пайдаланғанда Паклитаксел Сандоз® препараты доксорубицин енгізілуінен кейін 24 сағаттан соң енгізіледі. Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 220 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасындағы 3 апта үзіліс болады. Трастузумабпен біріктірілімде пайдаланғанда Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3 сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады. Паклитаксел Сандоз® препаратын трастузумабтың бірінші дозасынан кейін келесі күні немесе егер пациент алдын ала алған трастузумаб дозасын жақсы көтерген болса, трастузумабтың бірізді дозаларын енгізуден кейін бірден бастауға болады (трастузумаб дәрілік затының нұсқаулығынан қолдану жөніндегі толығырақ ақпаратты зерттеу керек). Сүт безінің обыры кезіндегі екінші желідегі ем Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады. Кеш сатыдағы өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 175 мг/м2 құрап, 3-сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, одан кейін 80 мг/м2 дозада цисплатин енгізіледі, емдеу курстары арасында 3 апта үзіліс болады. ЖИТС бар пациенттердегі Капоши саркомасы Паклитаксел Сандоз® препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 100 мг/м2 құрап, 3 сағаттық инфузия түрінде вена ішіне енгізіледі, емдеу курстары арасында 2 апта үзіліс болады. Келесі дозаларын Паклитаксел Сандоз® препаратының пациенттегі жеке жағымдылығына сәйкес енгізу керек. Паклитаксел Сандоз® препаратын әзірге нейтрофилдер мөлшері, кем дегенде, 1,500/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 1,000/мм3), ал тромбоциттер мөлшері, кем дегенде, 100,000/мм3 (Капоши саркомасында ≥ 75,000/мм3) болғанша қайталап енгізуге болмайды. Паклитаксел Сандоз® препаратын енгізуден кейін айқын нейтропения (7 күн немесе одан көп уақыт бойы нейтрофилдер 500/мм3 мөлшерінен аз) немесе шеткері нейропатияның ауыр түрі байқалған пациенттерге келесі емдеу курстары барысында Паклитаксел Сандоз® препаратыныңя дозасын 20% (Капоши саркомасында 25%) азайту керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің ұсынылуына мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге паклитаксел тағайындауға болмайды. Балалар Паклитаксел Сандоз®, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз екендіктен, 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.