Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат - пассифлора шөбінің сұйық экстрактісі 1050.00 мг;
қосымша заттар: рафинадталған қант, глицерин, этил спирті 96%, калий сорбаты, тазартылған су.
Қолданылуы
- неврастения
- климактериялық және преклимактериялық кезеңдер
- жүйке тозуының артуы
- ұйқының бұзылуы
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- миокард инфаркті
- стенокардия
- ми және жүрек тамырларының атеросклерозы
- қант диабеті
- созылмалы алкоголизм
- эпилепсия
- бауыр аурулары
- тұқым қуалайтын фруктоза, сахароза-изомальтаза жақпаушылығы немесе
глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер
ПАЛОРА Форте тәулігіне 3 рет 5 мл (1 шай қасық) препараттан қабылданады. Қажет болғанда тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 10 мл дейін ұлғайтуға болады. Жағымсыз мәңгіру пайда болғанда таңертеңгі және күндізгі дозаны жартысына дейін азайту және 2,5 мл, ал кешке 5 мл қабылдау қажет. Дозаны пациенттің реакциясына байланысты өзгертуге болады. Препаратты қабылдаулар арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Қоса берілген өлшегіш қасықпен ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.
Орташа емдеу курсы-20-30 күн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.