Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді зат – тиоколхикозид 2.5 мг,
қосымша заттар: карбомер (карбопол 940), динатрий эдетаты, жеңіл сұйық парафин, изопропил спирті, пропиленгликоль, глицерин (глицерол), натрий гидроксиді пеллеттер, изопропилмиристат (Kollicream IPM), полиоксил 40 (гидрогенделген майсана майы (Cremophor RH40)), тазартылған су.
Дозасы
Ересектер мен 18 жастағы жасөспірімдерде ПАНАШ® кремі емдеуші дәрігердің бақылауымен күніне 2-3 рет қолданылады. Кремнің жолағын теріге жағады және аздап ысқылайды Қолданылатын препараттың мөлшері ауырсындыратын аймақтың көлеміне байланысты.
Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек.
Емдеу ұзақтығы көрсетімдер мен емнің тиімділігіне байланысты.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
ПАНАШ® кремін 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің жеткілікті саны жоқ.
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің жеткілікті саны жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
ПАНАШ® кремі сыртқа қолданылады.