Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - панкреатин 0.24 г, кем дегенде мынадай белсенділікке сәйкес 8000 липолитикалық Ph. Eur. U., 5800 амилолитикалық Ph. Eur.U. және 380 протеолитикалық Ph. Eur. U.,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, натрий хлориді, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, метакрилат сополимер дисперсиясы, тальк, полиэтиленгликоль (макрогол), титанның қостотығы (Е 171), кармоизин (Е 122).
Қолданылуы
- ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігін емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- асқыну сатысындағы жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатит (бірақ эпизодтық асқынуы ұйқы безі функциясының бұзылысы бар болса, диетаны кеңейткенде бәсеңдеген асқыну фазасында туындайды)
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Препараттың дозасы он екі елі ішектегі панкреатиндік ферменттердің тапшылығына байланысты және жеке тағайындалады
Егер басқа ұсыныстар болмаса, сондай-ақ ауыр сіңірілетін өсімдіктен жасалған тамақты, майлы немесе әдеттен тыс тағамды жеген кезде 1-2 таблеткадан қабылдайды. Жоғарыда аталған басқа жағдайларда, ас қорыту бұзылыстары пайда болған кезде, ұсынылған доза 2-4 таблетканы құрайды. Қажет болса, препараттың дозасын арттыруға болады. Аурудың симптомдарын азайту мақсатында, мысалы, стеаторея немесе іштің ауыруы кезінде дозаны арттыру тек дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Липазаның тәуліктік дозасы 15000-20000 липолитикалық Ph. Eur. U. 1 кг дене салмағынан аспауы керек.
18 жастағы пациенттерге ферменттердің тәуліктік дозасы 15000-20000 липолитикалық Ph. Eur. U. 1 кг дене салмағына липазалар аспауы керек.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды тұтастай жұтып, көп мөлшердегі сұйықтықпен, мысалы, бір стақан сумен ішеді.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.