Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: кем дегенде 8000 липолитикалық ӘБ F.I.P.,
5600 амилолитикалық ӘБ F.I.P.,
370 протеолитикалық ӘБ F.I.P.
ферментативті белсенділігі бар панкреатин;
қосымша заттар: натрий хлориді, сусыз коллоидты кремнийдің қостоты-
ғы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, натрий кроскармеллозасы, повидон 25, магний стеараты, метакрилат сополимері дисперсиясы, тальк, пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), кармоизин (Е 122)
Қарсы көрсетілімдер
- шошқадан алынған панкреатинге немесе препараттың кез келген басқа қосымша заттарға жекелей жоғары сезімталдық
- жедел панкреатит
- өршу сатысындағы созылмалы панкреатит
- асқазан-ішек жолының обструкциялық аурулары (ішек бітелісі, жаңа түзілімдер)
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Панкреазимді ересектерге, тәулігіне 3-4 рет 2-4 таблеткадан тағайындайды.
Дозасы ас қорытудың бұзылу дәрежесіне байланысты жекелей белгіленеді.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Таблеткаларды тұтастай, көп мөлшерде сұйықтық (су, жеміс шырындары) ішіп жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен (қорыту үдерісі диетадағы ауытқушылықтардың салдарынан бұзылған кезде) бірнеше айға немесе жылға дейін (тұрақты алмастыру емі қажет болған жағдайда) ауытқып отыруы мүмкін.