Құрамы
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат – декспантенол 4,63 г
қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеарил спирті (А типті), жеңіл сұйық балауыз, жеңіл сұйық парафин, асқын сірке қышқылы1, 5.5 бар пропеллент2, тазартылған су.
1 - 100 г құрамы: асқын сірке қышқылы - 36.9 г, сутек пероксиді - 14.8 г, сілті қышқылы - 18.0 г, су - 30.3 г
2 - 100 г құрамы: пропан - 45.0 г, бутан - 52.0 г, изобутан - 3.0 г
Қолданылуы
жараларда, күн және термиялық күюлерде
буллездік және везикулярлық дерматитте
асептикалық операциядан кейінгі жаралар, нашар бітісетін тері трансплананттарда
тері сызаттарында, оның ішінде жарылуларды емдеу және профилактикада
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Аэрозоль сыртқа барлық зақымданған беткей препаратпен (көбікпен) жабылатындай, 10-20 см арақашықтықтан бүрку арқылы тәулігіне 1 немесе бірнеше рет қолданылады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты болады. Пантенол спрейін ересектерге пайдалануға болады.