Құрамы
100 г құрамында, граммен
белсенді зат- декспантенол 4,63 г.
қосымша заттар: цетостеарил спирті (А типі), эмульгациялайтын, жеңіл сұйық балауыз (2-этилгексил лаурат), жеңіл сұйық парафин, асқын сірке қышқылы1, 5.5 бар пропеллент 2, тазартылған су.
1 100 г құрамында: асқын сірке қышқылы - 36.9 г, сутегі пероксиді-14.8 г, сірке қышқылы-18.0 г, су - 30.3 г
2 100 г құрамында: пропан - 45.0 г, бутан - 52.0 г, изобутан - 3.0 г
Дозасы
Енгізу әдісі мен жолы
Пантенол сыртқа, тәулігіне бір немесе бірнеше рет бүрку арқылы (құтыны тігінен ұстап), 10-20 см қашықтықтан, барлық зақымдалған беткейі көбікпен жабылатындай етіп қолданылады. Әр қолданардың алдында құтыны мұқият шайқап жіберу керек. Бетке қолданған кезде оны теріге тікелей бүркімеңіз. Оның орнына қолыңызға бүркіп, көбікті беттің зақымдалған аймағына жағыңыз.
Көзге бүркімеңіз! Тікелей ауыз немесе мұрын қуысы жанына бүркімеңіз!
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты.