Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - папаверин гидрохлориді – 20 мг
қосымша зат: қатты май (витепсол (H 15, W 35 маркасы) немесе суппосир (NA 15, NAS 50 маркасы)).
Қолданылуы
Тегіс бұлшықет түйілуі:
- құрсақ қуысы ағзалары (холецистит, пилороспазм, спазмдық колит кезінде)
- бүйрек шаншуы кезінде
- шеткері тамырлар (эндартериит кезінде)
- ми қантамырлары (бас сақинасы кезінде)
- жүрек (стенокардия кезінде – кешенді ем құрамында)
- бронхтар (бронх түйілуі кезінде).
Қарсы көрсетілімдер
-әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- атриовентрикулярлық блокада
- глаукома
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- егде жастағы адамдар (гипертермияның даму қаупі)
- балалар жасы (осы дәрілік түр үшін)
Дозасы
Ересектерге, ішек өздігінен босағаннан немесе тазарту клизмасынан кейін 1 суппозиторийден күніне 2-3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді. Суппозиторийді пішінді қаптамадан босатып артқы өтіске енгізеді.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.