Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 120.00 мг парацетамол,
қосымша заттар: алюминий магний силикаты (тальк), авицел RS 591, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7 HOF, рафинадталған қант, глицерин, сорбитол 70%, лимон қышқылы моногидраты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
ауыруды басатын дәрі ретінде
- тіс жарғанда
- тіс ауырғанда
- тамақ ауырғанда
ыстық түсіретін дәрі ретінде
- суық тию ауруларында
- тұмауда
- балалардың инфекциялық ауруларында (желшешекте, көкжөтелде, қызылшада және эпидемиялық паротитте (шошқа-борықта)
- вакцинациядан кейін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
- 2 айлық жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Балаларға қолдануға арналған.
Қолданар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек (кемінде 10 сек.).
Баланың жасы
Бір реттік доза, мл
2-3 ай
- салмағы 4 кг-ден астам,
- күні жетіп туылған нәресте (37 аптаға толған мерзімде босанған)
Бір реттік 2,5 мл (қажет болғанда 4-6 сағаттан кейін қайталап 2,5 мл пайдалануға болады)
Жасы 2 айдан кіші балаларда қолдануға болмайды.
2 дозадан артық бермеу керек.
Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмау керек.
Егер қосымша доза талап етілсе дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу қажет.
Баланың жасы
Бір реттік доза, мл
Қабылдау жиілігі (24 сағат ішінде)
3-6 ай
2,5 мл
4 рет
6-24 ай
5 мл
4 рет
2-4 жыл
7,5 мл
4 рет
4-8 жас
10 мл
4 рет
8-10 жас
15 мл
4 рет
10-12 жас
20 мл
4 рет
24 сағат ішінде 4 дозадан артық қабылдауға болмайды.
60 мг/кг барынша көп тәуліктік дозаны 10-15 мг/кг бөлінген дозаларда 24 сағат ішінде қолдану керек.
Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмау керек.
Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Тек ішуге арналған.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.