Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - парацетамол 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, сахароза (қант), тағамдық желатин.
Қолданылуы
невралгия, миалгия, артралгия, бас сақинасы, тіс ауыруы кезіндегі (айқындылығы әлсіз және орташа) ауыру синдромында
инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
10 жасқа дейінгі балаларға
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер (егделерді қоса алғанда) және 16 жастан асқан жасөспірімдер: 500-1000 мг (1-2 таблетка) қажет болған жағдайда күніне 4 ретке дейін. Қабылдау арасындағы аралық - кем дегенде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза - 4000 мг (8 таблетка).
Балалар (10-15 жаста): 250-500 мг (½- 1 таблетка) қажет болған жағдайда күніне 4 ретке дейін. Қабылдау арасындағы аралық - кем дегенде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза баланың дене салмағының 60 мг/кг құрайды, 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаларға бөлінеді. Бір дозаны 24 сағат ішінде 4 реттен артық қабылдауға болмайды.
Дәрігердің тағайындаусыз және бақылаусыз ең жоғарғы қолдану ұзақтығы – 3 күн.
Көрсетілген дозадан аспауы керек.
Симптомдар сақталған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Ұзақ уақыт медициналық бақылаусыз қолдану денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтанудан кейін 1-2 сағаттан соң, көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдау керек (тамақтан соң бірден қабылдау әсер етуінің баяулауына әкеледі).
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.