Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – парацетамол 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон К30, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, кальций стеараты.
Қолданылуы
- инфекциялық-қабыну ауырулары, ЖРВИ, тұмау кезінде ыстықты түсіретін зат ретінде;
- айқындылығы орташа ауыру синдромында (невралгия, бас ауыруы, бас сақинасы, миалгия, тамақ ауыруы, артралгия, тіс ауыруы кезіндегі).
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі;
- 10 жасқа дейінгі балаларға;
- қан ауруларының ауыр түрлері (анемияның ауыр түрі, лейкопения, тромбоцитопения);
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Дозасы
Ересектер және 16 жастан асқан жасөспірімдер (дене салмағы 40 кг асатын): 500-1000 мг (1-2 таблетка) тәулігіне 4 ретке дейін қажет болған жағдайда. Ең жоғарғы бір реттік доза – 1000 мг (2 таблетка). Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4000 мг (8 таблетка). Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4 сағат.
10-15 жастағы балалар: 250-500 мг (½ - 1 таблетка) тәулігіне 4 ретке дейін қажет болған жағдайда. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы баланың дене салмағына 60 мг/кг құрайды, 24 сағаттың ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаға бөлінген. Бір реттік дозаны 24 сағаттың ішінде 4 реттен артық қабылдамау керек. Қабылдау арасындағы аралық – кем дегенде 4 сағат.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты астан кейін 1-2 сағаттан соң (тамақтан соң бірден қабылдау әсер етуінің баяулауына әкеледі), көп мөлшердегі сұйықтықпен ішке (пероральді) қабылдау керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.