Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – парацетамол 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, магний стеараты.
қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
корпустың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Қолданылуы
- инфекциялық-қабыну ауырулары, ЖРВИ, тұмау кезінде ыстықты түсіретін дәрі ретінде;
- айқындығы орташа ауыру синдромында (невралгия, бас ауыруы, бас сақинасы, миалгия, тамақтың ауыруы, артралгия, тіс ауыруы кезінде).
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі;
- 10 жасқа дейінгі балаларға;
- қан ауруларының ауыр түрлері (анемияның, лейкопенияның, тромбоцитопенияның ауыр түрі);
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерге: 500-1000 мг-ден (1-2 капсула) қажет болғанда әрбір 4-6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – 4 сағаттан кем емес. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 4000 мг (8 капсула).
10-15 жастағы балаларға: 500 мг (1 капсула) қажет болғанда әрбір 4-6 сағат сайын. Қабылдау арасындағы аралық – 4 сағаттан кем емес. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы баланың дене салмағына 60 мг/кг құрайды, 24 сағаттың ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаларға бөлінген. Бір реттік дозаны 24 сағаттың ішінде 4 реттен асырмай қабылдауға болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.