Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – месалазин, 500 мг
қосымша заттар: повидон, этилцеллюлоза, магний стеараты, тальк, микрокристалды целлюлоза.
Қолданылуы
- жедел ойық жаралы колит, проктосигмоидит және проктитті емдеу және профилактикасы
- Крон ауруы
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне немесе салицилаттарға аса жоғары сезімталдық
- қан жүйесінің аурулары - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- геморрагиялық диатез - бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
Дозасы
Жедел ойық жаралы колит, проктосигмоидит және проктитті емдеу
Ересектер: ең жоғары тәуліктік доза – 4 г, тамақтану кезінде 2-4 дозаға бөлінеді.
6 жастан асқан балалар: дәрігер дозаны тәулігіне 30 мг/кг-нан бастап жеке таңдайды. Ең жоғары тәуліктік доза 2 г аспауы керек. Жасөспірімдерде ересектерге арналған дозаны қолдануға болады.
Крон ауруы
Жедел ауруды емдеу үшін
Ересектер: ең жоғары тәуліктік доза – 4 г, 2-4 дозаға бөлінген, дәрігер дозаны жеке таңдайды.
6 жастағы және одан асқан балалар: дәрігер бірнеше дозада тәулігіне 15-30 мг/кг-нан бастап дозаны жеке таңдайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 75 мг/кг, бірақ доза 4 г аспау керек.
Қайталанудың профилактикасы үшін
Ересектер: ең жоғары тәуліктік доза – 4 г, 2-4 дозаға бөлінген, дәрігер жеке таңдайды.
6 жастағы және одан асқан балалар: дәрігер жағдайға қарай дозаны тәулігіне 15-30 мг/кг бастап жеке анықтайды. Ең жоғары тәуліктік доза - 2г. Емдеу ұзақтығын аурудың ағымына байланысты дәрігер жеке анықтайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін. Таблеткалар аз мөлшерде сұйықтықпен шайнамай, тұтастай түрінде ішке қабылданады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Дәрігердің тағайындауы бойынша.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы жеке дәрігердің тағайындауы бойынша.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.