Құрамы
Бір таблетка кларитромициннің құрамында
белсенді зат – 518.0 мг кларитромицин (500.0 мг сусыз кларитромицинге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, тазартылған су, магний стеараты, стеарин қышқылы, тазартылған тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы
қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, пропиленгликоль, сорбитан моноолеаты, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары лак (Е 104), ванилин, тазартылған су, тазартылған тальк
сия: қара сия (Opacode S-1-17823 Қара) - шеллак Glaze -45 % (20%) этанолда, изопропилді спирт, темірдің қара тотығы (Е 172), N- бутилді спирт, пропиленгликоль, аммиак ерітіндісі 28%, изопропилді спирт
Бір таблетка амоксицилиннің құрамында
белсенді зат - 1149.42 мг амоксициллин тригидраты (1000.00 мг амоксициллинге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (бөлшектердің арнайы өлшемі), натрий крахмалының гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), тазартылған тальк, магний стеараты
қабығы: гипромеллоза (5 cps), титанның қостотығы (Е 171), бүркемелегіш Пермасил 11031-31 хош иістендіргіші, сансет сары лагы (Е 110), тазартылған тальк, полиэтиленгликоль 400, тазартылған су
Бір капсула омепразолдың құрамында
белсенді зат - омепразол пеллеті (8.5 %) 235.294 мг (20.000 мг омепразолға баламалы)
қосымша заттар: нон-парель түйіршіктері
капсула корпусы: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибеноат, кармоизин (азорубин) (Е 122), желатин
қабығы: бриллиантты көк (E133), кармоизин (азорубин) (Е 122), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибеноат, желатин
Қолданылуы
- асқазанның және 12 елі ішектің Н. рylori-ден астасқан аурулары (қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаумен индукцияланған және H. рylori-мен астасқан гастропатиялар, гастродуоденит, ойық жара ауруы) кезіндегі Н. рylori эрадикациясында
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға көрсетілген кез келген қосымша заттарға, орын басқан бензимидазолдарға, макролидті антибиотиктерге немесе кез келген басқа пенициллинге аса жоғары сезімталдықта
- анамнезінде басқа бета-лактамдарға (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) жедел дамитын типті аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия)
- омепразолмен және кларитромицинмен өзара әрекеттесуіне байланысты атазанавирмен бір мезгілде қолданғанда
- нельфинавирмен бір мезгілде қолданғанда
- QT аралығының ұзаруына байланысты астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид немесе терфенадинмен бір мезгілде қолданғанда және жүрек аритмиясы, соның ішінде қарыншалық тахикардия, қарыншалық жыпылықтау, пируэтті қарыншалық тахикардия
- тикагрелормен, ивабрадинмен немесе ранолазинмен бір мезгілде қолданғанда
- пероральді мидазоламмен бір мезгілде қолданғанда
- анамнезінде QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе белгіленген жүре пайда болған QT ұзаруы) немесе қарыншалық аритмиясы («пируэтті қарыншалық тахикардияны» қоса) бар пациенттер
- электролиттік бұзылулары бар пациенттер (гипокалиемия немесе гипомагниемия) (QT аралығының ұзару қаупі)
- ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолданғанда, олар елеулі дәрежеде CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) метаболизденеді және осылайша миопатияның, соның ішінде рабдомиолиздің даму қаупін арттырады
- колхицинмен бір мезгілде қолданғанда
- эрготамин туындыларымен (дигидроэрготамин немесе эрготамин) бір мезгілде қолданғанда, бұл эргоуыттылықты тудыруы мүмкін
- ломитапидпен бір мезгілде қолданғанда
- бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозасы
Ересектер мен дене салмағы кемінде 40 кг болатын 12 жастан асқан балалар таблетка немесе капсуланы төменде көрсетілгендей қабылдайды:
Күнделікті (таңертең және кешке) әр белсенді ингредиенттен 2 таблетка немесе капсуладан қабылдайды.
1 кесте: Дозалануы
Белсенді ингредиент
Таблетка немесе капсула саны
Қабылдау уақыты
Ұзақтығы:
7 күн
500 мг кларитромицин
1
таңертең және кешке
20 мг омепразол
1
таңертең және кешке
1000 мг амоксициллин
1
таңертең және кешке
Тәуліктік доза 1 г кларитромициннен аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Пилобакт нео препаратын жеткілікті сұйықтықпен (мысалы, бір стақан сумен), тамақтанудан 1 сағат бұрын (таңғы ас немесе кешкі ас) қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұсынылған 7 күн кезеңінің ішінде бірізділікпен жүргізілуі керек, қолдану ұзақтығы 14 күннен аспауы керек.