Құрамы
Құрамы
100 мл препараттың құрамында:
белсенді заттар: неомицин сульфаты 1,0 г (650 000 ХБ);
полимиксин В сульфаты 1 000 000 ХБ;
дексаметазон натрий метасульфобензоаты 0,025 г;
фенилэфрин гидрохлориді 0,250 г;
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е218), литий хлориді, лимон қышқылы моногидраты, литий гидроксиді, макрогол 4000, полисорбат 80, тазартылған су.
Қолданылуы
Мұрын қуысының, мұрын қосалқы қойнауларының қабыну және инфекциялық ауруларында:
- жедел және созылмалы ринит
- синусит.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне, әсіресе парабендерге немесе аминогликозидтерге жоғары сезімталдық
жабық бұрышты глаукомаға күдіктену
уретропростатикалық бұзылуларға байланысты, несептің шығарылуының іркілуіне күдіктену
белдемелі теміреткі, желшешек, герпес сияқты инфекциялардың мұрынға орнығуы
- тамыр тарылтатын дәрінің альфа-симпатомиметикалық белсенділігіне байланысты инсульт туындауына ықпал етуі мүмкін анамнездегі инсульт немесе қауіп факторлары
- ауыр немесе нашар теңестірілген артериялық гипертензия,
- ауыр коронарлық жеткіліксіздік
- анамнездегі құрысулар
- қатерлі болуы мүмкін пароксизмальді гипертензия және гипертермия қаупіне байланысты қайтымсыз селективті емес МАО тежегіштерімен үйлесімде
- альфа-симпатомиметиктермен (оральді және/немесе назальді) және жанама симпатомиметиктермен, вазоконстрикция және/ немесе гипертониялық кризис қаупіне байланысты
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: әрбір танауға тәулігіне 3-5 рет бір бүрку керек.
15 жастан асқан балаларға: әрбір танауға тәулігіне 3 рет бір бүрку керек.
Емдеу ұзақтығы 5 күн.
Құтыны тік ұстаңыз, басты артқа қарай шалқайтыңыз және бүрку үшін тетікті басыңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.