Құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат - азоксимер бромиді 6 мг және 12 мг,
қосымша заттар: маннитол, повидон, какао майы.
Қолданылуы
Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.
Емдеу үшін (кешенді емде):
- вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары
- урогенитальді жолдың қабыну аурулары (уретрит, цистит, пиелонефрит, простатит, сальпингоофорит, эндомиометрит, кольпит, цервицит, цервикоз, бактериялық вагиноз)
- өкпе туберкулезінің әртүрлі түрлері
- қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит);
- иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит
- регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін
- дәрілік препараттардың нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін химия және сәуле емін жүргізу кезінде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде.
Профилактика үшін (монотерапия):
- урогенитальді жолдың қайталанатын герпестік инфекциясы
- созылмалы инфекциялар ошақтарының асқынуы
- иммунитеті төмендеген адамдарда эпидемия алды және эпидемиялық кезеңде тұмау және басқа да жедел респираторлық инфекциялар
- қартаю салдарынан немесе жағымсыз факторлардың ықпалынан туындайтын салдарлы иммун тапшылығы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі (клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ)
- 6 жасқа дейінгі балалар - 6 мг дозасы үшін, 18 жасқа дейінгі балалар - 12 мг дозасы үшін
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
Сақтықпен
Егер сізде осы бөлімде көрсетілген аурулар болса, дәрілік препаратты қабылдауды бастамас бұрын дәрігерге қаралыңыз:
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі қолданбайды).
Дозасы
Ұсынылатын емдеу сызбалары
Ересектерді емдеу үшін:
- асқыну сатысында созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- гинекологиялық ауруларда 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті 12 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет, содан кейін күнара. Емдеу курсы
20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиториймен демеуші емді пайдалануға болады;
- химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 12 мг суппозиторий. Әрі қарай, 12 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артрит кезінде күнара 12 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 12 мг суппозиторий
Курс 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 12 мг суппозиторий. Курс
10 суппозиторий;
- қартаю салдарынан туындайтын салдарлы иммунитет тапшылығы аптасына 2 рет 12 мг суппозиторий. Курс 10 суппозиторий, жылына 2-3 рет.
6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін:
6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге суппозиторийлер тек ректальді енгізіледі, ішекті тазартқаннан кейін күніне 1 рет 6 мг 1 суппозиторий.
- асқыну сатысындағы созылмалы инфекциялық-қабыну аурулары 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- жедел инфекциялық үдерістерде және регенераторлық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жаралар) белсендіру үшін күнделікті 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- урологиялық аурулардың өршуі кезінде (уретрит, пиелонефрит, цистит, простатит) 6 мг суппозиторий тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- туберкулездің өкпедегі түрінде 3 күн бойы күнделікті тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий, содан кейін күнара. Емдеу курсы
20 суппозиторий. Әрі қарай 2-3 айға дейінгі курспен аптасына 2 рет 6 мг суппозиторий демеуші емді пайдалануға болады;
- химия - және сәуле емін жүргізгенде онкологиялық ауруларды кешенді емдеуде химия- және сәуле емінің курсы басталғанға дейін 2-3 күн бұрын күнделікті 6 мг суппозиторий. Әрі қарай, 6 мг-ден аптасына 2 рет, курсы 20 суппозиторийге дейін;
- инфекциялық синдроммен асқынған аллергиялық ауруларда тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий күнделікті. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- ревматоидты артрит кезінде күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий.
Профилактика үшін (монотерапия):
- инфекциялардың созылмалы ошақтарының, урогенитальды жолдың қайталанатын герпестік инфекциясының өршуі күнара 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы 10 суппозиторий;
- тұмау және ЖРВИ тәулігіне 1 рет 6 мг суппозиторий. Емдеу курсы
10 суппозиторий.
Енгізу әдісі мен жолы
– ішекті тазартқаннан кейін тәулігіне 1 рет 1 суппозиторийден ректальді;
– гинекологиялық аурулар кезінде қынаптық 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет (түнде) жатып қынапқа енгізіледі.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.