Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді (4,21 мг левоцетиризинге баламалы),
қосымша заттар -
ядросы: кремнийлі микрокристалды целлюлоза (микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы), лактоза моногидраты, орын басу дәрежесі төмендетілген гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC-11), магний стеараты,
қабығы: ақ Opadry II 33G28523 (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы Е 171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетилглицерин).
Қолданылуы
- аллергиялық ринитті (оның ішінде персистирленген аллергиялық ринитті) симптоматикалық емдеуге
- ересектердегі және 6 жастан бастап балалардағы созылмалы идиопатиялық есекжемде.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- левоцетиризин гидрохлоридіне, цетиризинге, гидроксизинге және пиперазиннің басқа туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен)
- сирек тұқым қуалайтын аурулар, соның ішінде, галактозаны көтере алмаушылықпен, толық тұқым қуалайтын лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы
- 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі
6 жастан асқан балалар және ересектер: ұсынылатын доза тәулігіне 1 таблеткадан.
2-ден 6 жасқа дейінгі балалар
2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға Поллезин таблеткаларының көмегімен қауіпсіз сәйкес дозаны таңдауға болмайды. Пациенттердің бұл тобына левоцетиризиннің педиатриялық түрін (тамшы дәрі) тағайындау керек.
2 жасқа дейінгі балалар
Бұл популяцияда деректер болмағандықтан, левоцетиризинді 2 жасқа толмаған пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе айқын болған егде жастағы пациенттерге дозаны нақтылау ұсынылады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу мерзімділігін бүйрек қызметіне сәйкес жекелей белгілеген жөн. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгертулері көрсетілген. Осы кестені қолдану үшін пациенттің (мл/мин) креатинин клиренсіне (КК) баға берген жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін КК (мл/мин) мәнін келесі формула бойынша бағалауға болады:
Еркектер үшін: [140 – жасы(жыл)] ( салмағы (кг)
КК = ———————————————
72 ( сарысу креатинині (мг/дл)
Әйелдер үшін: алынған мән ( 0,85
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету:
Тобы
Креатинин
клиренсі
(мл/мин)
Дозасы және қабылдау жиілігі
Бүйрек функциясы қалыпты
80
тәулігіне бір рет 1 таблеткадан
Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы
50 – 79
тәулігіне бір рет 1 таблеткадан
Бүйрек функциясының орташа бұзылуы
30 – 49
күнара
1 таблеткадан
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
< 30
әр үш күнде 1 таблеткадан
Бүйрек ауруының терминальді сатысы – диализдегі пациенттер
< 10
Қолдануға болмайды
Бүйрек функциясы бұзылған 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозаны әркімге жеке, пациенттің креатинин клиренсіне және дене салмағына сәйкес белгілеу керек. Бүйрек функциясы бұзылған балалар туралы спецификалық деректер жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Препаратты бауыр функциясының оқшауланған бұзылуына шалдыққан пациенттерге тағайындаған кезде дозаға қандай да болсын өзгерістер енгізу қажет емес. Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы қосарланған пациенттерге дозаны нақтылау қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Таблеткаларды ішке қабылдайды, ас ішуге байланыссыз, аздаған су мөлшерімен тұтастай жұтады. Тәуліктік дозасын бір рет қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Кезеңдік аллергиялық ринитті емдеу ұзақтығы (симптомдары 4 аптадан азырақ созылатын) аурудың түріне, ұзақтығына, симптомдар ағымына және аурудың анамнезіне байланысты. Симптомдар басылғаннан кейін емдеуді тоқтатуға және симптомдар қайтадан пайда болғанда жаңғыртуға болады.
Персистирленген аллергиялық ринитті (симптомдардың сақталу ұзақтығы 4 аптадан көп) емдеу үшін пациентке аллерген экспозициясы кезеңіне ұзаққа созылған емді ұсынуға болады. Қабықпен қапталған таблеткадағы 5 мг левоцетиризинді 6 ай бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем мен созылмалы аллергиялық ринит кезінде 1 жыл бойына рацематты қолдану тәжірибесі бар.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.