Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аффинді тазартылған мидың спецификалық S-100 ақуызға антиденелер – 0,003 г*
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* құрамы 10-1991 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрімен су-спиртті қоспа түрінде лактоза моногидратына енгізіледі
Қолданылуы
алкогольге тәуелділік синдромы;
жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі алкогольдік абстинентті синдромның монотерапиясында қолданылады.
алкогольдік «масаңдық табы» синдромының психопатологиялық бұзылуларында (мазасыздық, психикалық ширығу, ұйқысыздық, ашушаңдық, үйрейлену, көңіл-күйдің құлазуы, спирттік ішімдікке қарқынды құштарлық), соматовегетативті бұзылыстарында (әлсіздік, тершеңдік, бас ауыруы, тремор, тахикардия, ас қорытудың бұзылуы).
Дозасы
Бір қабылдауға – 1 таблетканы толық ерігенше ауызда ұстау керек (ас қабылдау кезінде емес).
Масаңдық табы жай-күйінде алғашқы 2 сағатта препаратты әр 30 минут сайын 1 таблеткадан қабылдайды; кейінгі 8-10 сағатта – сағатына 1 таблеткадан. Ұйқы келген кезде қабылдауды оянғаннан кейін жаңғыртады.
Жағдай жақсарған кезде ары қарай препаратты әр 2-3 сағат сайын 1 таблеткадан (тәулігіне 4–6 таблетка) 2-3 күн бойы қабылдайды.
Алкогольдік абстиненция симптомдары ауырлағанда уытсыздануда дәстүрлі пайдаланылатын дәрілік заттарды қосу қажет.
Қайталану профилактикасы үшін препаратты тәулігіне 1-2 таблеткадан 2-3 ай бойы қабылдайды; алкогольді кездейсоқ қолданғаннан кейін препараттың қосымша 2 таблеткасын 2 рет - күндіз және түнге қарай қабылдау керек.