Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - экстракция әдісімен алынған бұқалардың қуықасты безінің сулы ерітіндісінен лиофилизацияланған экстракт, полипептидтерге шаққанда 2,0 мг-ден кем емес.
қосымша зат – глицин.
Қолданылуы
- созылмалы простатит, қуық асты безінің аденомасы;
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы;
- қуық асты безіне жасалған операциядан кейінгі асқынулар;
- қуық асты безі функциясының жас ерекшелігіне байланысты бұзылулары;
- сексуалдық бұзылыстар (копулятивті дисфункция, еркектің белсіздігі).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- табиғаты пептидтік дәрілік заттарға, ірі қара малдың ақуыздарына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Препаратты ересек, соның ішінде егде жастағы еркектерге қолданады.
Құтының ішіндегісін инъекцияға арналған судың немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің, немесе 0,5% новокаин ерітіндісінің 1-2 мл-де (новокаинде еріткен кезде оған сезімталдық жоғарылауы мүмкін екендігін ескерген жөн) ex tempore ерітеді. Новокаинді еріткіш ретінде пайдаланғанда новокаиннің қауіпсіздігі туралы ақпаратты ескеру қажет.
Препаратты күн сайын 1 рет 1-2 құтыдан енгізеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты бұлшықет ішіне енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты күн сайын 1 рет 1-2 құтыдан енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-10 күнді құрайды. Курс ұзақтығы ауру сипатымен және аурудың айқындылығымен, қол жеткен емдік әсерімен, емдеу сипатымен анықталады. Көрсетілімі бойынша курсы қайталануы (1-6 айдан соң) мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.