Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 5 мг фенилэфрин гидрохлориді бар;
қосымша заттар: какао майы (теобром майы), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, жүгері крахмалы.
Қолданылуы
Релиф дәрілік препараты ересектерде және 12 жастан асқан балаларда геморрой, артқы өтіс жолының сызаттары, анальді қышыну кезінде симптоматикалық емдеу ретінде қолдануға арналған.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта
тромбоэмболиялық ауруда;
гранулоцитопенияда
12 жасқа дейінгі балаларға
жүктілік және лактация кезеңінде
Дозасы
Ересектер
1 суппозиторийден таңертең, кешке және әрбір үлкен дәреттен кейін тәулігіне 4 ретке дейін 7-14 күн бойы ректальді қолданылады.
12 жастан асқан балалар.
Дозалау режимі ересектерге арналған дозалау режиміне ұқсас.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
1 суппозиторийден күніне 4 ретке дейін (таңертең, кешке және әрбір үлкен дәреттен кейін). Ең жоғары тәуліктік доза - 4 суппозиторий.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы – 7 - 14 күн. Қажеттілігі болғанда дәрігердің ұсынысы бойынша қабылдау ұзақтығын ұзартуға болады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.