Құрамы
400 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: янтарь қышқылы – 2.112 г,
меглюмин – 3.490 г,
инозин – 0.80 г,
метионин – 0.300 г,
никотинамид – 0.100 г;
қосымша заттар: натрий хлориді, калий хлориді, магний хлориді гексагидраты (сусызға шаққанда), натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
1 л иондық құрамы:
натрий-ион – 147 ммоль
калий-ион – 4.02 ммоль
магний-ион – 1.26 ммоль
хлорид-ион – 109 ммоль
Осмоляльділігі 329 мосмоль/кг
Қолданылуы
Ремаксол препараты ересектерде 18 жастан бастап емдеу үшін қолданылады:
– бауырдың созылмалы диффузды ауруларындағы бауырішілік холестаз синдромы (бауырдың алкогольдік ауруы, бауырдың уытты зақымдануы, бауыр фиброзы және склерозы, бауырдың майлы дегенерациясы, созылмалы гепатит)
– бауырдың жедел және созылмалы зақымдануы (уытты, алкогольдік, дәрілік гепатит) салдарынан оның функциясының бұзылуында
– вирустық гепатитті кешенді емдеуде (этиотропты емге қосымша)
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Енгізу жылдамдығы – минутына 40-60 тамшы (2-3 мл).
Бауырішілік холестаз синдромында бауырдың созылмалы диффузды ауруларында препарат 10 күн бойы күніне 1 рет 400 мл –ден енгізіледі.
Жедел немесе созылмалы зақымдану салдарынан бауыр функциясының бұзылуы кезінде препарат тәуліктік дозада 3-12 күн бойы – аурудың ауырлығына байланысты 400-ден 800 мл-ге дейін енгізіледі.
Препаратпен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне тамшылатып.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.