Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100% затқа шаққанда инозин (рибоксин), 0,2 г;
қосымша заттар: ақ қант, кальций стеараты, желатин, картоп крахмалы;
қабығының қосымша заттары: гипромеллоза (оксипропилметилцеллюлоза), полисорбат-80 (твин-80), титанның қостотығы Е 171, сұйық парафин (вазелин майы), хинолинді сары бояғыш Е 104.
Қолданылуы
Препарат ересектерге кешенді ем құрамында қолдануға арналған:
- жүректің ишемиялық ауруы
- миокард инфарктісінен кейін
- жүрек гликозидтерін қолдануға байланысты жүрек ырғағының бұзылуы
- бауыр ауруларында (гепатиттер, цирроз, алкогольден немесе дәрілік заттардан май дистрофиясы)
- терінің кеш порфириясы
Қарсы көрсетілімдер
- инозинге немесе пуриннің басқа туындыларына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- подагра
- гиперурикемия
Дозасы
Ішке қабылдаған кезде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 0,6 – 2,4 г құрайды. Емдеудің алғашқы күндерінде тәуліктік доза 0,6 – 0,8 г құрайды (күніне 3-4 рет 0,2 г-ден). Жақсы көтерімді кезде препараттың дозасын 2-3 күн ішінде 1,2 г дейін (күніне 3 рет 0,4 г) жоғарлатады, қажет болған жағдайда – күніне 2,4 г дейін.
Терінің кеш порфириясында тәуліктік доза 0,8 г құрайды (күніне 4 рет 0,2 г-ден).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке тамақтануға дейін.
Емдеу ұзақтығы
Препарат күн сайын 1 – 3 ай бойы қолданылады.
Курстың ұзақтығы – 4 аптадан 1,5 – 3 айға дейін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.