Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 1 г ацетилцистеин,
0,5 г туаминогептан сульфаты,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, гипромеллоза, динатрий эдетаты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, натрий гидрофосфаты додекагидраты, дитиотреитол, сұйық сорбитол, жалбыз хош иістендіргіші, этанол 96%, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- феохромоцитома
- жабық бұрышты глаукома
- басқа мұрынішілік деконгенстанттарды қоса, басқа симпатомиметикалық дәрілерді бір мезгілде қолдану
- препаратты моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қолданбаған жөн
- гипофизді алып тастау немесе мидың қатты қабығына қол жеткізу арқылы жасалған операциялар
- гипертиреоз
- 12 жасқа дейінгі балалар
- гипертонияны қоса, жүрек-қантамыр аурулары
- анамнезінде цереброваскулярлық аурулар, оның ішінде негізгі қауіп факторларының болуы (альфа-симпатомиметикалық белсенділік салдарынан)
- анамнезінде құрысулар
Дозасы
Ересектерге: күніне 3-4 рет әр мұрын жолына 2 дозадан (клапанды 2 рет басу).
Балаларға: күніне 3-4 рет әр мұрын жолына 1 дозадан (клапанды 1 рет басу).
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты мұрын қуысына арнайы бүріккіштің көмегімен спрей түрінде енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс.