Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 100 мг мельдоний (мельдоний дигидраты түрінде)
қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- жүрек және қантамыр жүйесінің ауруларында: тұрақты кернеулі стенокардия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA I-III функционалды класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалды бұзылулары
- ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары
- жұмысқа қабілеттің төмендеуі, физикалық және психоэмоциялық қатты зорығу
- цереброваскулярлы бұзылуларда, бас жарақатынан және энцефалиттен кейін сауығу кезеңінде
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (қауіпсіздігі жөнінде деректер саны жеткіліксіз)
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (веналық ағын бұзылғанда, бассүйекішілік ісікте)
Дозасы
Дозалану режимі
Жүректің және қантамыр жүйесінің аурулары және ми қан айналымының бұзылулары:
в/і күніне 500-1000 мг-ден (5-10 мл), барлық дозаны бір рет немесе оны екі реттік дозаға бөліп енгізеді. Тәуліктік ең жоғары доза – 1000 мг.
Цереброваскулярлы бұзылуларда, бас жарақатынан және энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңінде, жұмыс жасау қабілеті төмендегенде, қатты зорығуда
в/і күніне 500 мг-ден (5 мл). Тәуліктік ең жоғары доза – 500 мг.
Емдеу курсының ұзақтығы 4-6 аптаны құрайды. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолдану керек (сонымен қатар "Айрықша нұсқаулар" бөлімін қараңыз).
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.