Құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді заттар - 500.0 г түймедақ гүлдері
250.0 г қырмызыгүл гүлдері
250.0 г мыңжапырақ шөбі
қосымша заттар- этанол 96%, тазартылған су
Қолданылуы
- ауыз қуысының шырышты қабығының этиологиясы әртүрлі қабыну аурулары және пародонт (афтозды стоматит, пародонтоз, ойық жаралы некроздық гингивостоматит).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары
- алкоголизм
Дозасы
Ротокан сулы ерітінді түрінде қолданылады, ол қолданар алдында бір стақан жылы қайнаған суға 1 шай қасық препарат қосу арқылы дайындалады. Ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларында тәулігіне 2-3 рет, 2-5 күн бойы аппликациялар (15-20 мин) немесе ауыз бұлаулары (1-2 мин) қолданылады. Тіс тастарын алып тастаудан және қызыл иектің патологиялық қалталарын қырып-тазалаудан кейін пародонт ауруларына ем жүргізеді. Қызыл иектің қалталарына күн сайын немесе күн аралатып 4-6 рет) 20 минутқа препарат ерітіндісіне мол малынған жұқа білтелер енгізіледі.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.