Құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - Румалон экстрактісі (құрамында гликозаминогликан-пептидті кешен бар сүйек кемігі экстрактісі мен қабырға шеміршегі экстрактісінің қоспасы) 1.00 мл (2.25 мг-нан кем емес);
қосымша заттар: 0.1 М хлорлы сутек қышқылы.
Қолданылуы
Буындардың дегенеративті-дистрофиялық аурулары: гонартроз, саусақаралық буындардың артрозы, коксартроз, спондилез, спондилоартроз, менископатия, тізе-тобықтың хондромаляциясы.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- ревматоидты артрит;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
- жүктілік, бала емізу кезеңі;
- контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде қолдану.
Дозасы
Бірінші күні - 0.3 мл, екінші күні-0.5 мл және одан әрі аптасына 3 рет 1 мл-ден.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің жалпы ұзақтығы 5-6 апта.
Қайта емдеу курсы - дәрігердің кеңесінен кейін сол сызба бойынша.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.