Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат: бримонидин тартраты 1,0 мг
қосымша заттар: бензододецин бромиді, гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий бораты, калий хлориді, кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты, натрий гидроксиді, хлор сутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қарсы көрсетілімдер
- бримонидинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- моноаминоксидаза тежегіштерімен немесе норадреналин босатып шығару арқылы әсер ететін басқа да антидепрессанттармен (мысалы, трициклдық антидепрессанттар және миансерин) бір мезгілде қолдану;
- 2 жасқа дейінгі балалар;
- емшек емізу кезеңі.
Дозасы
Жергілікті.
Зақымданған көздің конъюнктивалық қабына 1 тамшыдан енгізудің 8 сағат аралығымен тәулігіне 3 рет.
Препараттың жүйелік экспозициясын төмендету үшін тамызғаннан кейін бірден көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығының аймағын (көз жасы нүктесін жауып) 1 минут басып тұру ұсынылады.
Бримонидинді КІҚ төмендету мақсатында басқа офтальмологиялық препараттармен бірге қолдануға болады. Екі немесе одан да көп препараттарды қолданған кезде инстилляциялар арасында 5 минуттық үзіліс жасау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
2 жастан асқан балаларға арналған дозалар ересектерге арналған дозалармен бірдей.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде бримонидинді қолдану зерттелмеген; мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде бримонидинді қолдану зерттелмеген; мұндай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу қажет
Енгізу әдісі және жолы
Көзге тамызу үшін.
Препаратты тамызған кезде тамшылатқыш-тығынның ұштығы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін тамшылатқыш-тығынның ұштығы қабақпен немесе көздің айналасындағы басқа аймақтармен жанаспауы тиіс.