Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – сенна жапырағының құрғақ экстрактісі
70 мг А және В кальций сеннозидтерінің 20 % мөлшеріне (А және В кальций
сеннозидтерінің жиынтығы) шаққанда
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, ванилин, магний стеараты, стеарин қышқылы, тальк
Қолданылуы
- созылмалы іш қату
- ішектің гипо - және атониясы
- геморрой, проктит және артқы өтістің жарықтары кезінде ішектің босауын жеңілдету
- диагностикалық және емдік процедуралар алдында ішекті тазарту
Қарсы көрсетілімдер
- сенна гликозидтеріне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- метроррагия
- ішектің бітелуі
- ішектің жедел қабыну аурулары (Крон ауруы, ойық жаралы колит, аппендицит)
- перитонит
- асқазан мен он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасы
- асқазан-ішектен қан кету
- қысылған жарық
- цистит
- шығу тегі анықталмаған іш маңының ауыруы
- су-электролиттік теңгерімнің ауыр бұзылуы
- 12 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1-2 таблеткадан тағайындайды; әсер болмаған жағдайда дозаны қабылдауға 2-3 таблеткаға дейін ұлғайтады. Ең жоғары тәуліктік доза - 3 таблетка.
Нәжісті жұмсарту үшін ең аз дозаны қабылдау керек.
Егде жастағы пациенттерге емдеуді тәулігіне 1 рет 1 таблеткадан бастау ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат ішке қабылданады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препаратты сұйықтықпен ішу арқылы тәулігіне бір рет түнге тағайындайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қабылдау ұсынылмайды. Дозалар мен емдеу ұзақтығы жекелей анықталады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.