Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 1 мг ксилометазолин гидрохлориді,
50 мг декспантенол
қосымша заттар: калий дигидрофосфаты, динатрий фосфаты додекагидраты, тазартылған су
Қолданылуы
Септаназал® ересектерге арналған мына жағдайда қолданылады:
- ринит кезінде мұрынның шырышты қабығының ісінуін азайту үшін және мұрынның шырышты қабығының зақымдалуын жазу үшін демеуші ем ретінде
- вазомоторлық ринит симптомдарын жеңілдету үшін
- мұрын қуысына жасалған хирургиялық араласулардан кейін мұрынмен тыныс алудың бұзылуларын емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- құрғақ ринит (rhinitis sicca)
- анамнезінде транссфеноидальді гипофизэктомия немесе мидың қатты қабығына әсер ететін басқа да хирургиялық араласулар
- Септаназал® ересектерге арналған препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды
Дозасы
Ұсынылған мөлшерден жоғары дозаны қолдануға болмайды.
Дозалануы
Септаназал® ересектерге арналған препаратының әдеттегі дозасы қажетіне қарай әрбір мұрын жолына күніне 3 ретке дейін бір бүркуді құрайды.
Дозасы препаратқа жекелей сезімталдыққа және клиникалық тиімділігіне байланысты.
Егер 3 күн емдегеннен кейін жақсару басталмаса немесе симптомдарының нашарлауы байқалса, клиникалық жағдайы қайта қаралуы тиіс.
12 жастан асқан балаларға
Септаназал® ересектерге арналған препаратының әдеттегі дозасы 12 жастан және одан асқан балаларда әрбір мұрын жолына күніне 3 ретке дейін бір бүркуді құрайды. Септаназал® ересектерге арналған препаратын 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.