Артқа
СЕТИМЕД 5мг №20 табл

СЕТИМЕД 5мг №20 табл

4 520 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Левоцетиризин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: ВЕГАФАРМ ЛЛП

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында: белсенді зат - левоцетиризин дигидрохлориді, 5,0 мг; қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты; қабығы: Опадрай ақ (Y-1-7000): (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль (ПЭГ400)).

Қолданылуы

Сетимед препараты ересектерде, 6 жастан асқан балаларда және жасөспірімдерде: - мұрынның шырышты қабығының аллергиялық қабынуын (ринит), оның ішінде тұрақты аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеу - созылмалы идиопатиялық есекжемді емдеу (терідегі қатты қышитын, тез өршитін, бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер) үшін қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер

- левоцетиризин дигидрохлоридіне, цетиризинге, гидроксизинге, пиперазиннің кез келген басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - диализ жүргізуді талап ететін бүйректің ауыр ауруы (бүйректің терминалды созылмалы жеткіліксіздігі – шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығы (ШСЕЖ) 15 мл/мин төмен) - бала емізу кезеңі - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі және/немесе глюкоза-галактоза сіңуінің төмендеуі - 6 жасқа дейінгі балалар (балалардың осы тобына арналған дәрілік препараттардың арнайы сұйық түрлері қолданылады).

Дозасы

Ересектер, жасөспірімдер және 6 жастан асқан балалар үшін әдеттегі ұсынылатын тәуліктік доза 5 мг құрайды (қабықпен қапталған 1 таблетка). 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін қабықпен қапталған таблетканың дозаларын түзету мүмкін болмауына байланысты, левоцетиризиннің арнайы педиатриялық дәрілік түрлерін қолдану ұсынылады. Таблетканы бір уақытта қабылдауға тырысыңыз. Егер Сетимед препараты жеткілікті әсер етпейді немесе шамадан тыс әсер етеді деген болжам болса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз. Егде жастағы пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар егде пациенттерде орташа айқыннан ауырға дейін дозаны түзету ұсынылады (төмендегі кестені қараңыз). Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Егер бауыр мен бүйректің ауыр ауруы болса, қолдануды бастамас бұрын емдеуші дәрігерге хабарласу керек, себебі препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін (төмендегі кестені қараңыз). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясына қарай дозаларды қабылдау арасындағы аралықтар жеке берілуі тиіс (ШСЕЖ-шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығы). Дозаны түзету үшін келесі кестені қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей етіп түзетіңіз. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету: Тобы ШСЕЖ (мл/мин) (шумақтық сүзілудің есептік жылдамдығы) Дозасы және қабылдау жиілігі Бүйректің қалыпты функциясы ≥ 90 Күніне бір рет 1 таблетка Бүйрек функциясының жеңіл дәрежеде бұзылуы 60 – < 90 Күніне бір рет 1 таблетка Бүйрек функциясының орташа дәрежеде бұзылуы 30 – < 60 2 күн сайын бір рет 1 таблетка Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы 15 – < 30 (диализ жүргізуді қажет етпейді) 3 күн сайын бір рет 1 таблетка Бүйректің созылмалы жетіспеушілігнің терминальді сатысы <15(диализ жүргізуді қажет етеді) Қолдануға болмайды Балалар Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларда доза жеке түзетілуі тиіс (пациенттің бүйрек клиренсін, жасын және дене салмағын ескере отырып). Бүйрек аурулары (бүйрек жеткіліксіздігі) бар балаларда левоцетиризин қолдану бойынша деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды тұтастай жұту және сұйықтықпен ішу арқылы ішке қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақтану Сетимед препаратының тиімділігіне ерекше әсер етпейді. Тәуліктік дозаны бір рет қабылдау ұсынылады Емдеу ұзақтығы Қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер ауру көріністерін ескере отырып анықтайды, өйткені, симптомдар басылғаннн кейін, емдеу тоқтатылуы және олар пайда болғанда қайта басталуы мүмкін немесе аллергендердің әсер ету кезеңінде жүргізілуі мүмкін. Аурудың симптомдарына және оның анамнезіне қарай мұрынның шырышты қабығының мерзімдік аллергиялық қабынуын (аптасына төрт күннен аз немесе жылына төрт аптадан аз байқалатын симптомдар) емдеу қажет; емдеу симптомдар басылғаннан кейін тоқтатылуы және олар пайда болғаннан кейін қайта басталуы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит жағдайында (симптомдары аптасына төрт күннен артық немесе жылына төрт аптадан астам уақытта байқалатын), аллергендердің әсер ету кезеңінде пациентке үздіксіз емдеу ұсынылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы кемінде 6 ай болған левоцетиризин қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем және мұрынның шырышты қабығының созылмалы аллергиялық қабынуы кезінде цетиризинді (рацемат) бір жылға дейін қолданудың клиникалық тәжірибесі бар.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.