Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар:
29 г сулы-спирттен алынған:
шерменгүл тамыры* 0.2 г
тостағаншасы бар наурызгүл гүлі* 0.6 г
қымыздық шөбі* 0.6 г
аюбадам гүлі* 0.6 г
нарқайсар шөбі* 0.6 г
қосымша заттар:
тазартылған су 71.0 г
* - 59% (к/к) этил спирті экстрагенті
Қолданылуы
- тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы риносинуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).
Қарсы көрсетілімдер
- дәрілік препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- маскүнемдік, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар және бауыр ауруы бар пациенттер (құрамында алкоголь болғандықтан, «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдерге: 50 тамшыдан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Қолданар алдында шайқау керек.
Асқазаны сезімтал пациенттерге немесе белгілі асқазан аурулары кезінде аса сақтық талап етіледі, Синупрет® тамшыларын тамақтан кейін бір стақан сумен ішіп қабылдаған дұрыс.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Синупрет® тамшыларын күніне 3 рет (таңертең, түсте және кешке), судың аз мөлшерімен қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7-10 күнді құрайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.