Құрамы
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
дәрілік өсімдік шикізатынан алынған құрғақ нативті экстракт:
шерменгүл тамыры, тостағаншасы бар наурызгүл гүлдері, қымыздық шөбі, аюбадам гүлі, нарқайсар шөбі (1:3:3:3:3), (3-6:1, экстрагент – этанол 59% к/к) -160 мг
қосымша заттар:
таблетка ядросы:
арабия шайыры, кальций карбонаты (Е 170), целлюлоза, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, гидрофобты кремнийдің қостотығы, мальтодекстрин;
таблетканың қабығы:
кальций карбонаты (Е 170), карнауб балауызы, микрокристалды целлюлоза, хлорофилл ұнтағы 25% (Е141), декстрин, глюкоза шәрбаты, гипромелоза, индигокармин (алюминий лагы) (Е 132), рибофлавин (Е 101), стеарин қышқылы, сахароза, тальк, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
- тұтқыр секреттің пайда болуымен бірге жүретін жедел және созылмалы синуситтер (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
- фруктоза жақпаушылығы, қант-изомальтаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Ересектерге: 1 қабықпен қапталған таблеткадан күніне 3 рет.
Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза – 3 қабықпен қапталған таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабықпен қапталған таблеткаларды шайнамай, аз мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Синупрет® экстракт күніне 3 рет (таңертең, түскі және кешке) аз мөлшердегі сумен қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 7–14 күн. Дәрігердің кеңесінсіз препаратты 14 күннен артық қабылдауға болмайды.