Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – мырыш пиритионы 200,0 мг
қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, изопропилмиристат, этанол 70%, полисорбат 80, пропеллент изобутан (Propel 45)
Қолданылуы
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға:
- тері қышымасы, терінің қабыну реакциялары, терінің қабыршақтануы, қайызғақ, себорея және псориаз
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Зақымданған аймақты күніне 2-3 рет клиникалық әсерге қолжеткізгенге дейін өңдейді. Препаратты қолдануды симптомдар жоғалғаннан кейін бір апта бойы жалғастырған дұрыс.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты терінің зақымданған бөлігіне шамамен 15 см қашықтықтан 3 секунд бойы бүрку арқылы қолданады.
Қолданар алдында құтыны бірнеше рет қатты сілку керек. Бүрку кезінде құтыны тігінен ұстау керек.
Бастың шашты бөлігін дәрілік препаратпен өңдеу үшін арнайы қондырма қоса беріледі.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.